История каспийского тюленя. Промысел и исследования
Фильм каспий итбалығының тарихы туралы әңгімеден басталады. Фильмнің «Аулау және зерттеулер» атты бірінші бөлімі Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде итбалықты аулау жөнінде баяндайды.
Толығырық...Каспий итбалығының жатақ орындарының жұмбағы
«Каспий итбалығы жатақтарының жұмбақтары» атты осы фильм Каспий теңізінің жергілікті түрі – каспий итбалығының тіршілігі жайлы әңгімені жалғастырады. Ол бұл таңғажайып жануарларды теңіздің қазақстандық бөлігіндегі жатақтарда 2015-2016 жылдары жүргізілген зерттеулер және фото-бейнетүсірілімдер негізінде құрастырылған. Зерттеулер мен түсірілімдер жалғасуда.
Толығырық...Каспий итбалығын сақтайық
Каспий итбалығының саны күрт азайды және жақында ғана көп санды түр болып табылатын итбалық, Каспий теңізінің сирек тұрғынына айналды. Итбалықтың тағдыры Каспийдегі шаруашылық қызметіне толық тәуелді. Оны қалай құтқаруға болады? Фильм дәл осы мәселеге арналған.
Толығырық...Каспий итбалығы туралы фильмдер (Pusa caspica)
Мінекей, каспий итбалығын зерттеудің үш жылы зымырап өтті. Зерттеулер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша Каспий теңізінің қазақстандық аймағында жүргізілді. Бұл жылдар бойы ескекаяқты жануарлардың жатақтарын іздеумен шөл далада және Каспийдің тақырланған түбінің құмдарында ондаған шақырым жол жүріп өттік, автомашиналармен, қайықтармен және әуе жастықтағы кемемен мыңдаған шақырым жүзіп, тікұшақтармен және дрондармен аралап ұшып шықтық, сондай-ақ сансыз аяқ киім тоздырып, мыңдаған фотосуреттер мен жүздеген сағаттық бейне түсірілді.
Каспий құбылмалы, және де бізді әрдайым жақсы қабылдаған емес. Біз шырайлы жағалардың, шуақты күндердің және самал жел болатынын күткен емеспіз. Керемет күндер, көз тартарлық күннің батуы және де сүттей жарық айлы түндер болса да, бірақ көбіне қолайлы ауа райын күту, теңіз дауылдары, тұзды дауылдар мен алдағы белгісіздік жиі орын алды.
Каспий итбалығы туралы жалпы алғанда көп нәрсе жазылған, алайда соңғы онжылдықтарда жануардың осы түрі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Және де егер отыз жыл бұрын жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, итбалықтарды Ақтау қаласының ішіндегі жағажайларда жиі кездестіруге болатын, ал Орал өзені бойында итбалықтар Атырау қаласына дейін жиі жүзіп келетін, ал енді жергілікті тұрғындар бізден теңіздің және Каспий жағалауының қай аумағында итбалықтарды көргенімізді қызығушылықпен сұрастырып, бір кезде қарапайым, сүйкімді әрі қызықты жануарлар туралы мұңайып еске алады. Ал қазіргі таңда Каспийдің тек алыс жердегі оқшауланған түпкірлерінде ғана итбалықтардың сирек жатақтарын табуға болады.
Итбалықтар жойылып, азайып бара жатыр.
Өз фильмдерімізді жасай отырып, біз жүргізілген іздестіру жұмыстары, зерттеулер процесінің өзінен алшақтауға ниеттіміз. Біздің фильмдеріміздің басты кейіпкері каспий итбалығы болып табылады. Біз олардың дауыстарының шыққанын, олардың экранға қарай бізге өздерінің қызыққұмар, үлкен қара көздерімен қарағандарын көрсетуге тырыстық. Әрбір көрерменді олармен оңаша қалып, олардың басына түскен халғе ұшырағандай еттік. Ия, ия, «олардың кебінін кигендей». Осындай сөйлем біреудің ісі жаман болған кезде және де оны түсіну үшін, өзіңізге оның қызғылықсыз жағдайында ену немесе оның кісі қызыға қоймайтын тағдырына көндігу қажет болған кезде пайдаланылады.
Бәлкім, кейбіреулер Каспийдегі итбалықтардың тағдыры жайлы басқа пікір айтуы мүмкін. Олар итбалықтарды аулауды тағы да жалғастыру керек және де біздің – адамдардың олардың өсіп-өну, қоректену және демалу жерлерін тартып алатынымыз айыптауға тұратын жағдай емес деп есептеуі мүмкін. Қысқа мерзімді пайданың және де, мейлі, ұзақ мерзімді пайданың орнына осы сүтқоректілердің жойылу проблемасын соза беріп, әрі қарай кейінге қалдыру жөн де шығар?
Ия, олар құқықсыз жағдайда.
Бірақ біз де дүниеге келгеннен бері, итбалықтар сияқты, ана сүтімен қоректенеміз ғой, және сондықтан да олардың «киген кебіні» бізге жақын болады, және де осы «киген кебін» де іске асырылып жатқан біздің тағдырымыз. Мүмкін, керісінше, бізге каспий итбалықтарының баданадай үлкен мөлдір көздерінен біздің және олардың келешегін көру үшін, оларға үңіліп қарау қажет шығар? Біздің итбалықтардан бір ерекшелігіміз, біз қолайсыз оқиғалардың тізбегін өзгерте аламыз немесе, қалай болғанда да, мұны жасауға тырыса аламыз.
Итбалықтар өте сенгіш жануарлар, және адам осы сенімді көп уақыттан бері асыра пайдаланып жүрді.
Жетер, құрмет көрсетудің уақыты келді.