«Гидробиология және экология институты» мекемесі (ГЭИ) 2006 жылы құрылған. Осы уақытқа дейінгі жұмыстарында Алматы, Жамбыл облыстарында, республикалық маңызы бар бірқатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда: Марқақкөл және Қорғалжын қорығы, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар – «Көкшетау», «Баянауыл», «Бурабай», «Қатон-Қарағай», «Қарқалы», «Көлсай-Көлдері», «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватында балық шаруашылығын жүргізуге арналған биологиялық негіздеме әзірлеумен айналысты.
Соның нәтижесінде көрсетілген ЕҚТА су қоймаларындағы балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді, әуесқой (кәсіпқой) балық аулау, жергілікті тұрғындардың қажеттілігі, ұдайы өндірістік мақсаттар мен мелиорациялап аулауды дамыту бойынша балықты аулау мөлшерін анықтады. ГЭИ сонымен қатар бірнеше құжаттар соның ішінде: «Қазақстан Республикасының су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас сызбасын» (Балық шаруашылығы тарауы) әзірлеуге қатысты, балықтардың сирек және жоғалып бара жатқан түрлерін сақтау, балық өсіруші кәсіпорындарды құру және биоресурстарға төлем мөлшерлемесінің әдістемесін жасау, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне арналған бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді әзірледі. 2015 жылдан бастап ГЭИ Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтымен бірге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы аясында каспий итбалығын зерделеу мен сақтау жобасы бойынша зерттеулер жүргізуде.
Есептік материалдардан басқа жұмыс нәтижелері ғылыми жарияланымдарда жазылған. Өкінішке орай аналитикалық материалдардың көбісі сол жарияланбаған күйде қалып отыр, бірақ уақыт өте келе қоршаған ортаға мониторинг жасағанда, биоалуантүрлілікті зерделегенде, нормативтік-құқытық актілерді әзірлеу барысында олардың құндылығы артуда. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қызығушылығы туындаған оқырман белгілі бір тақырыпты ашуға негізделген барлық материалдарды таба алатын, тақырыптық томдарға бөлінген, «Гидробиология және экология Институтының еңбектері» жарыққа шықты.
М.Т. Баймуканов
ТОМ I: СОСТОЯНИЕ ГИДРОБИОНТОВ ВОДОЕМОВ ОСОБО ОХРАНЯЕМЫХ ПРИРОДНЫХ ТЕРРИТОРИЙ РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ СЕВЕРНОГО И ЦЕНТРАЛЬНОГО КАЗАХСТАНА
Содержание и предисловие Часть 1.ГПР Алтын-Дала Часть 2.
Баянаульский ГНПП Часть 3.
ГНПП Буйратау Часть 4.
ГНПП Бурабай Часть 5.
ГНПП Каркаралинск Часть 6.
ГНПП Кокшетау Часть 7.
Коргалжынский ГПЗ
ТОМ II: СОСТОЯНИЕ ГИДРОБИОНТОВ ВОДОЕМОВ ОСОБО ОХРАНЯЕМЫХ ПРИРОДНЫХ ТЕРРИТОРИЙ РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ И АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТЕЙ КАЗАХСТАНА
Содержание и предисловие Часть 1.ГНПП Катон-Карагай Часть 2.
ГПЗ Маркаколь Часть 3.
ГНПП Кольсай