«Гидробиология және экология Институты» мекемесі
Коммерциялық емес ұйым
+7 (727) 388-33-28
Қазақстан Республикасы, 040916 Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, Рахметов көшесі 75
  • Негiзгi
  • Зертемелер
  • Жарияланымдар
  • Институттың басылымдары
  • Суреттер
  • Бейнежазбалар
  • Пікірлер
  • Байланыс
  • Басты бет —
  • Жаналыктар —
  • Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі итбалықтар шоғырын әуе барлау

Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі итбалықтар шоғырын әуе барлау

Құрылды 21 Наурыз 2022

13 наурызда Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігінде Каспий итбалығының көктемгі шоғырын әуе барлау өтті. Ұшу итбалықтардың болуы ықтимал аудандары қамтитын алдын ала әзірленген маршрут бойынша өтті. Бақылау ұшақтың екі жағынан тұрақты фото және видео түсіру кезінде жүргізілді. Табылған итбалықтар шоғырының координаттары әрі қарай тіркеу және олардың орналасқан жерін картаға енгізу үшін белгіленіп алынды. Деректерді камералдық өңдеу кезінде табылған жатақтарда жатқан итбалықтардың санын шамамен бағалауға болады.

Зерттеулерді "Тенгизшевройл" ЖШС қаржыландыратын "Каспий итбалығының популяциясын сақтау" бағдарламасы бойынша "Гидробиология және экология институты" мекемесі жүргізеді.

Аталған екі ұйымның мамандарынан басқа, әуе барлауына Атырау облысы бойынша экология департаментінің, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері қатысты.

Барлық қатысушылар ұшақ экипажына тамаша өткен ұшуы үшін және "Тенгизшевройл" ЖШС-не әуе барлауын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

 
«Гидробиология және экология Институты» мекемесі
Коммерциялық емес ұйым
+7 (727) 388-33-28
Қазақстан Республикасы, 040916 Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, Рахметов көшесі 75
2018 © Сайттағы материалдар авторлық құқықпен қорғалған. Көшіру немесе пайдалану кезінде сайтқа сілтеме көрсету міндетті.
Почтаға кіру
OkiT - Сайттарды қолдау Алматы